Philips QS6140 Trimmer User Manual


 
- Қолданылатын ортада температура, қысым немесе ылғалдылық
қатты өзгерсе, құралды пайдаланбас бұрын оның қоршаған орта
жағдайларына бейімделуіне 30 минут беріңіз.
- Қауіпті жағдай туғызбау үшін, зақымданған адаптерді немесе
зарядтау тірегін тек түпнұсқалы түрімен ауыстырыңыз.
- Егер қырыну бөлігі немесе кесу тарақтарының біреуі зақымдалған
немесе сынған болса, бұл жарақат тудыруы мүмкін.
- Бұл құрал шаш кесуге және сақал-мұртты қыруға арналған.

- Құрал халықаралық IEC бекіткен қауіпсіздік заңына сәйкес келеді
және оны ағын сумен жуа беруге болады.

Осы Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты
барлық стандарттарға сай. Осы пайдаланушы нұсқаулығы бойынша
дұрыс қолданылса, бүгінгі таңдағы ғылыми дәлелдерге сәйкес, құрал
пайдалану үшін қауіпсіз болып табылады.

Тек QS6160: зарядтау әдетте шамамен 1 сағат алады.
Тек QS6140: зарядтау әдетте шамамен 4 сағат алады.
Толық зарядталғаннан кейін құрал 50 минут бойы жұмыс істей алады.
Батарея күйінің көрсеткіші
- Батарея күйінің көрсеткіші ақ түспен жыпылықтағанда, батарея
зарядталуда.
- Батарея күйінің көрсеткіші үздіксіз ақ түспен жанғанда, батарея
толығымен зарядталған. Бұл көрсеткіш 30 минут бойы көрсетіледі,
содан кейін батарея күйінің көрсеткіші өшеді.
- Батарея күйінің көрсеткіші қызғылт сары болып жанғанда, батарея
заряды бітуге жақын (шамамен 10 минут жұмыс қалды).
- Батарея күйінің көрсеткіші қызғыл сары түспен тез жыпылықтағанда,
батарея заряды жоқ және қайта пайдалану үшін құралды зарядтау
керек.
Ескертпе: Құралды тек зарядтау тірегінде зарядтауға болады.
1Кішкенетоқсымынзарядтайтынқондырғығаенгізіңіз.
Ескертпе: Шағын ашаны зарядтау тірегі жинаулы кезде салу ең оңай.
2Зарядтаутірегінжайыңыз(шыртеткендыбысшығады).
3Адаптердіқабырғадағырозеткағақосыңыз.
 75